"Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат" кешені" мемлекеттік мекемесі
Ш. Әбіловтың вокал мектебі


muscomplexpavl.edu.kz қайтып келу

2014,қазан, 21 Орыс романсы кеші

  • Category: Мұрағат
  • Published on Tuesday, 21 October 2014 09:18
  • Written by Administrator
  • Hits: 812
Павлодар музыкалық колледжінде «Шахимардан достарын шақырады» опера-балет өнерінің X Мерейтойлық Халықаралық фестивалі басталды. 2014 жылдың 21 қазан күні колледждің концерттік залында «Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешенінің оқушылары мен студенттері фестиваль қонақтарына арнап концерт қойды. Фестиваль қонақтары жас музыканттардың жоғары орындаушылық деңгейін, әртістігін және педагогтардың кәсіби жұмысын атап өтті.
Одан кейін фестиваль қонақтарының қатысуымен орыс романсы кеші өтті. Оқытушылар мен студенттерге фестиваль қонақтарының: халықаралық конкурстардың лауреаты, «Назарбаев стипендиаттары» атағының иегері Эмиля Сакавова, Нови-Сад қаласының Серб ұлттық театрының солисті Елена Кончар, Нови-Сад қаласының Серб ұлттық театрының солисті, Фондтың күміс орденінің кавалері И.Архипова, Бранислав Арчичтің орындауында орыс романсының тамаша үлгілерін тамашалауға мүмкіндік берілді. Концертте атақты әртістермен бірге вокал бойынша 2 курс студенті, Шахимарадан Әбіловтың оқушысы Қайыр Лейла да қатысты. Биылғы жылы Лейла Қазақстан Республикасы, Шымкент қ. «Романсиада» романс орындаушыларының халықаралық байқауының II дәрежелі лауреаты атанды