"Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат" кешені" мемлекеттік мекемесі
Ш. Әбіловтың вокал мектебі


muscomplexpavl.edu.kz қайтып келу

2015,сәуір,23 Естай атындағы мәдениет сарайында «Абай әлемі» концерті өтті

  • Category: Мұрағат
  • Published on Thursday, 23 April 2015 09:22
  • Written by Administrator
  • Hits: 1131
2015 жылдың 23 сәуірінде Естай атындағы мәдениет сарайында қазақтың ұлы ақыны, философ Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған «Абай әлемі» атты концерт өтті. Концерт Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисті, Халықаралық шығармашылық академиясының академигі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, Әбілов Шахимардан Қайдарұлының бастамасымен ұйымдастырылды.
Концерттік бағдарламада Абайдың сөзіне жазылған шығармалар орындалды. Қазақстан композиторлары С.Мұхамеджанов, Н. Тілендиев, Е. Рахмадиев, Т. Базарбаевтың шығармалары. Концерт «Желсіз түнде жарық ай» шығармасынан басталып, «Айтым, сәлем Қаламқас» шығармасымен аяқталды. Концертке орындаушылар - Әбілов Шахимардан, Абдирова Гүлсім, Ғалия Бегембетова, «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешенінің ұжымы: мектеп-интернат хоры, колледждің жиынтық хоры, «Өнеге» домбырашылар триосы, «Каприччио» скрипкашылар ансамблі, колледждің қобызшылар ансамблі, Шахимардан Қайдаровичтің сынып оқушылары қатысты.
Бұл іс-шара жоғары кәсіби деңгейде өтіп, өскелең ұрпақтың мәдени мұрасын дамытуға үлкен үлес қосты.