"Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат" кешені" мемлекеттік мекемесі
Ш. Әбіловтың вокал мектебі


muscomplexpavl.edu.kz қайтып келу

Абилов Ш.

  • Published on Saturday, 19 October 2019 07:56
  • Written by Administrator
  • Hits: 930

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, Абай ат. МТБА солисті, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның профессоры, Халықаралық шығармашылық академиясының академигі, Халықаралық шығармашылық академиясының "Құрмет және "Слава" ордендерінің ковалері, Мәскеу қаласы, Павлодар облысының құрметті азаматы.

Танымал әнші, вокалдық лириканың тамаша интерпретаторын Шахимардан Әбіловтің аты тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар оның шекарасынан тыс жерлерде кеңінен танымал. Бүгін Ш.Әбілов - біздің республикамыздың музыкалық мәдениетінде ерекше орын алатын әнші. Әнші өнерде өзін тапты, өзінің шығармашылық көрінісін тапты. Әншінің шығармашылығының шыңы болып Абайдың өлеңдеріне камералық-вокалдық шығармалар орындау болды. Керемет пианист Сергей Костевичпен бірге орындаған бұл туындылар 1991 жылы Мәскеу қаласында лазерлік дискке жазылған. Сондай-ақ, Е. Рахмадиев, Т. Мұхамеджанов, М.Сағатов, Б. Аманжолов секілді Қазақстан композиторлары Абайдың өлеңдеріне жазылған өздерінің вокалдық туындыларын Ш. ӘбіловтІң орындауына арнап шығарғаны кездейсоқ емес.
Тыңдаушылардың есінде әлемдік камералық-вокалдық классиктердің үздік үлгілерін орындаған концерттер қалды. Әнші репертуарында Чайковский, Рахманинов, Малер, Шуберт, Шуман, Массне, Брамс романстары бар. Ш.Әбілов - Абай атындағы МТОБА солисті. Орындайтын партиялары: Абай - «Абай» А. Жұбанов және Л.Хамиди; Бұхар жырау - «Абылай хан» Е. Рахмадиев; Брусиловскийдің «Ер Тарғыны»; Дж. Верди - Риголетто, Амонасро, Жермон, Граф ди луна; Эскамильо - «Кармен» Ж.Бизе; Грязнаяның – «Царская невеста» Н.Римский-Корсакованың; Эбн Хакиа – «Иоланта» П.Чайковский.
Ш. Әбілов өзінің әншілік мансабын педагогикалық қызметімен табысты ұштастырады. 1990 жылдан бастап 1997 жылға дейін вокал-хор факультетінің деканы,1997 жылдан бастап вокал өнерінің кафедрасының құрметті меңгерушісі. 40-тан астам студент мен 20 аспирантты даярлап шығарды, оның ішінде 20-ға жуық түрлі халықаралық конкурстардың лауреаттары:
Мәскеуде Глинка ат. 23 конкурстың 1 сыйлық лауреаты – М. Чотабаев, Архангельскте Глинка ат. 20 конкурстың ІІ сыйлық лауреаты – Т. Мусабаев, сонымен қатар Халықаралық конкурстардың лауреаттары: Д.Хамзина, Ж.Габдуллина, Э.Сакавов, Е.Шагаров, Д. Садвакасов және басқалары.
10 студент Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері болды. Ш. Әбілов - қоғам қайраткері, көптеген халықаралық конкурстарда қазылар алқасының мүшесі: Финляндия, Италия, Швеция және Австрияда «Искусство ХХI века», «Янтарный соловей» Калининградта, «Международная Русская романсиада» Мәскеуде, Казаньда Р. Яхина ат. камералық әншілер конкурсы, «З.Исмагилов ат. Халықаралық конкурс» Уфада, Киевте опера орындаушыларының конкурсы, Арменияда «Возрождение» Халықаралық конкурс-фестивалі. Ш.Әбілов тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ ТМД және шет елдерде шеберлік сабақтарын жүргізеді.2003 жылдан бастап Павлодар қаласында жыл сайын «Шахимардан достар шақырады» опералық-балет өнерінің халықаралық фестивалі өтеді. 2011 жылы «Балалардың дауысын қорғау» атты Вокалдық өнер академиясын ашты (Павлодар, арнайы мектеп (музыкалық колледж)).

2013 жылдан бастап Павлодар қаласында жыл сайын «Шахимардан Әбілов» жүлдесіне аймақаралық балалар фестивалін өткізеді.
Оның халықаралық танылуы Лондондағы концерт болды, онда ол Барбикан-холле Корольдік камералық оркестрімен өнер көрсетті. Би-Би-Си тілшісінің сөзі бойынша «Лондон қаласының орталығында, XI ғасырдағы шіркеуде концерт қойып, қалада ең танымал жұлдыздардың келуіне үйренген осындай аудиторияны жинау үшін - бұл теңдесі жоқ оқиға». «Бейбітшілік ісі үшін» БҰҰ-ның сыйлығының лауреаты, белгілі ақын Осман Тюркай концерт туралы берген сұхбатында: «Бұл Қазақстанның ұлттық және халықаралық құндылықтарының шексіз өсиеті болып табылады».
Парижде Плейель, Винченцо, Берлине, Тель-Авиве беделді залдарында, Ресей композиторлар одағы мен П.И. Чайковский ат. консерваторияның кіші залында өткен Ш. Әбіловтің өнер көрсетулері тамаша өтті. Әртістің гастрольдік тізіміне Лондон, Париж, Тель-Авив, Хельсинки, Венеция, Вена, Стокгольм, Берлин, Москва, Стамбул, Анкара, Улан-Удэ, Киев, Минск, Вильнюс, Таллин, Ташкент, Бишкек, Уфа, Баку, Казань, Сеул, Токио, Хиросима және ТМД басқа қалалары кіреді.

Частные мастера Винтовые лестницы на второй этаж

Полное описание первых признаков и выраженных симптомов при гепатите В здесь

Дренажная система водоотвода вокруг фундамента - stroidom-shop.ru

Правильное создание сайтов в Киеве https://atempl.com/r/