"Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат" кешені" мемлекеттік мекемесі
Ш. Әбіловтың вокал мектебі


muscomplexpavl.edu.kz қайтып келу

2014, қазан, 23 «Шахимардан достарын шақырады»

  • Category: Мұрағат
  • Published on Thursday, 23 October 2014 09:19
  • Written by Administrator
  • Hits: 828
23 қазанда «Шахимардан достарын шақырады» фестивалі аясында студенттер, оқушылар және оқытушылар үшін Юлиан Милкистің (кларнет, Нью - Йорк қаласы, АҚШ,) мастер - класс өтті. Мастер-класста оның мәні туралы ұтымды қойылым туралы мәселелер қозғалды: ұтымды қойылым кезінде музыканттың орындаушылық аппараты (яғни оның тыныс алуы, еріннің, саусақтардың жұмысы және т.б.) ең қолайлы және табиғи жағдайларда жұмыс істейді, бұл ойыншыға қажетсіз шиеленісті болдырмауға көмектеседі. Сондай-ақ, ұзақ дыбыстарды орындау үшін жаттығулар, стаккато штрих жұмыс көрсетілді.

2014,қазан, 21 Орыс романсы кеші

  • Category: Мұрағат
  • Published on Tuesday, 21 October 2014 09:18
  • Written by Administrator
  • Hits: 820
Павлодар музыкалық колледжінде «Шахимардан достарын шақырады» опера-балет өнерінің X Мерейтойлық Халықаралық фестивалі басталды. 2014 жылдың 21 қазан күні колледждің концерттік залында «Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешенінің оқушылары мен студенттері фестиваль қонақтарына арнап концерт қойды. Фестиваль қонақтары жас музыканттардың жоғары орындаушылық деңгейін, әртістігін және педагогтардың кәсіби жұмысын атап өтті.
Одан кейін фестиваль қонақтарының қатысуымен орыс романсы кеші өтті. Оқытушылар мен студенттерге фестиваль қонақтарының: халықаралық конкурстардың лауреаты, «Назарбаев стипендиаттары» атағының иегері Эмиля Сакавова, Нови-Сад қаласының Серб ұлттық театрының солисті Елена Кончар, Нови-Сад қаласының Серб ұлттық театрының солисті, Фондтың күміс орденінің кавалері И.Архипова, Бранислав Арчичтің орындауында орыс романсының тамаша үлгілерін тамашалауға мүмкіндік берілді. Концертте атақты әртістермен бірге вокал бойынша 2 курс студенті, Шахимарадан Әбіловтың оқушысы Қайыр Лейла да қатысты. Биылғы жылы Лейла Қазақстан Республикасы, Шымкент қ. «Романсиада» романс орындаушыларының халықаралық байқауының II дәрежелі лауреаты атанды

2014,қазан,14-16 «Қазақ романсиадасы» романсты орындаушылардың XVII аймақтық ашық конкурсы

  • Category: Мұрағат
  • Published on Thursday, 16 October 2014 09:16
  • Written by Administrator
  • Hits: 793
15-16 қазан аралығында Шымкент қаласында «Қазақ романсиадасы» романсты орындаушылардың XVII аймақтық ашық конкурсы өтті. Павлодар облысынан «Ән салу» бөлімінің 2 курс студенті Шахимардан Әбілов қатысты. Ол 37 қатысушының ең жас қатысушысы болды. Қазылар алқасының мүшелері Лейла шеберлігін жоғары бағалап, «Қазақ романсы» номинациясында 2 орын иеленді. Концертмейстер Юлия Поршнева «Үздік концертмейстер» атағын алды.

Page 2 of 2